Барлығына арналған жалпылама білім беруден әркімге сапалы білім беруге
Қазақстандағы инклюзивті білім беру – мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы білім беру мектептерінде білім алуына деген қол жетімділік

АҚШ-тың тәуелсіздік күнін ерекше тәсілмен атап өту үшін Autism Speaks ұйымы 1200 –ден астам адамға арналған жарыс ұйымдастырды. Жарыстың мақсаты ерекше адамдарға арналған қаржы жинау болып табылады. Мериленд штатында орын алған бұл шарада $230,000-дан артық қаржы жиналды.

Джорджия штатында (АҚШ)аутизм дертіне шалдыққан балаларды емдеуді қамсыздандырудың заңнамалар пакеті күшіне енді. аутизм дертіне шалдыққан балаларды емдеуді заңдастырған 41-ші штат болып табылады, заң аутизм дертінің әр түріне шалдыққан 6 жасқа дейінгі балаларға таралады. Балалар жыл сайын $30,000 көлемінде медициналық көмекпен қамсыздандырылған.

Алабамада аутизм дертіне шалдыққан адамдар арнайы ID-кәртішкелерін пайдалана алады. Бұның полиция қызметкерлеріне және басқа да адамдарға төтенше жағдайларда тез әрекет етуіне пайдасы зор. Сондай-ақ қоғамдық ұйымдар машинада аутизм дертіне шалдыққан бала барын хабарлайтын арнайы магниттер дайындап шығарды. Бұл магниттер ата-аналар мен белсенді адамдардың ойынша, жолдағы басқа адамдар үшін аса пайдалы белгі.  

2015 ж-дың 25 тамызында Алматы қ. ескі алаңда «Құқығым бар» жобасының аясында Білім күніне арналған «Инклюзивтік білім беру үшін» автожүгіріс өткізілді. Автожүгірістің негізгі мақсаты жұртшылықты Қазақстандағы аутизм жайлы, балалардың денсаулық сақтау, білім алу, әлеуметтік қорғау салаларында кездесетін қиыншылықтары жайлы  хадардар ету.

Мұнан былайғы жерде көру қабілеті толық немесе ішінара жойылған жандар баспа өнімдері немесе кітаптарды қазақ тілінде оқып немесе компьютерде жұмыс істей алатын болады. Ақпараттық технологиялардың дамуы күн сайын игі жаңалықтарды жасауда. Соның бірі – қазірдің өзінде қазақша «сөйлейтін» заманауи сөйлеу технологиялары мен құрылғылары.

 

 

 2015 жылы 16 қаңтарда Алматы қаласындағы С. Бегалин атындағы ҚБК-да «Ата-аналар не істей алады?» атты кітаптың тұсаукесері өтті.  

Кітапты Сорос-Қазақстан қорының грантты қолдауының арқасында  дайындап-шығарған «Ашық мектеп» қоғамдық білім қоры. 

2014 жылы 3-10 қараша аралығында ҚР орталық мемлекеттік мұражайында аутизммен ауыратын балаларға арналған әлеуметтік көрме өткізілді. Экспозицияда жас фотосуретші Қанат Бейсекеевтің жұмыстары орын алды. Фотокөрмені Сорос-Қазақстан қоры мен Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұражайының қолдауымен «Ашық Әлем» қоғамдық қоры ұйымдастырды.

Астаналық «Думан» сауық орталығында «Өзгерістер самалы» балалар шығармашылығының екінші инклюзивті фестивалі өтті. Фестиваль балалардың тәуелсіз өмірге шығармашылық әлеуеті, дарындары мен дайындығын айырмашылықтарға деген түсіністік, төзімділік пен құрмет сарынында ашуға көмектесті.

Сайысты Қазақстан Гёте-Институты Сорос-Қазақстан Қорымен бірлесе отыра жариялады. Сайыс жайлы ақпарат, жұмыстарға деген талаптар, оларды бағалау критерийлері мен жүлде қоры. 

Толығырақ

Мектепке дейінгі және орта білім беру Департаменті конференциясының анонсы. 

Толығырақ

Қызылордадағы Оқушылар сарайында «Жұлдызай-2013" мүмкіндігі шектеулі балалар шығармашылығының VIII республикалық фестивалінің іріктеу кезеңі өтті, оған Қызылорда қаласы мен облысының барлық аймақтарынан  100-ден аса бала қатысты. Конкурс төрт номинация бойынша өткізілді. Оның мақсаты – көпшілік қауым назарын мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтік, кәсіби және еңбек салаларындағы қатарға қосылу мәселелеріне аудару.

Толығырақ

Қарағанды қаласы № 27 орта мектептегі «Бейімдеу мектебі – барлығына арналған мектеп» тәжірибешілік жобасының презентациясы.  Жоба мақсаты – қабілеттері мен мүмкіндіктері әр түрлі балалардың жеке дамуы мен оңтайлы білім деңгейіне қол жетуін қамтамасыз ететін бейімдеу мектебінің үлгісін әзірлеп, іске асыру.

Толығырақ

Қазақстанның спорт және дене шынықтыру бойынша Агенттігі мен Қостанай облысының бал билері бойынша федерациясының қолдауымен «Шектеусіз мүмкіндіктер» республикалық акциясы аясында Қостанай қаласында тірек-қозғалыс аппаратының бұзылуы бар мүгедек спортшылар арасында арба үстіндегі билер бойынша II жыл сайынғы Қазақстан чемпионаты өтеді. 

«Жақсылық академиясы» акциясының негізгі мақсаты – физикалық мүмкіндіктері шектеулі жас дарынды азаматтарға Мәскеуден жоғары білім алып, оны өмірде пайдалануға мүмкіндік беру. Шараның негізгі бастамашысы Қазақстандағы «Синергия» Мәскеу қаржы-өнеркәсіптік университеті («Синергия» МҚӨУ) өкілдігінің қызметкерлері болды. 

Сорос-Қазақстан Қоры ҚР Білім және ғылым министрлігімен серіктестікте соңғы жылдар бойы инклюзивті білім беру саласында бірқатар жобаларды дамытуда. Жобалар «2011-2020 жылдарға арналған ҚР білім беруді дамыту мемлекеттік бағдарламасының» басты міндеттерінің бірі – республикада инклюзивті білім беруді кеңінен таратуға қол жеткізуге бағытталған.

Бала дамуы бойынша танымал америкалық маман Дуглас Доманның Алматы қаласындағы «Денсаулыққа деген жол» атты дәрісі жайлы ақпарат, бұл дәріс даму бөгелісі, БЦС, эпилепсия, гипербелсенділік, аутизм, Даун ауруы, ақыл-ой кемтарлығы және ми зақымдануына шалдыққан балаға қалай тиімді көмектесу керектігі жайлы жалпы ережелерді ұсынады.

«Дыбыс» Кохлеарлы импланттары және есту кемістігі бар балаларды қолдау қоғамы» «Бота» ҚҚ-мен бірлесе «Кохлеарлы импланттары бар балалар мен олардың ата-аналары үшін мектепті ұйымдастыруда мақсатты топтың қажеттіліктерін бағалау» жобасы аясында кохлеарлы импланттары бар балалардың психологиялық-педагогикалық қалпына келтірілуі мен бұл үрдістегі жанұяның ролі мәселелеріне арналған дөңгелек үстел жұмысын өткізеді. «Дыбыстар әлеміндегі өмір» кохлеарлы импланттары бар балалар жайлы әлеуметтік бейнероликтің тұсаукесері. 

«Кеңес» Орталығы – білім алудағы қажеттіліктері айрықша балаларды туғанынан ересек кезеңіне дейін қолдау міндетін өз мойнына алған Республикадағы жалғыз үкіметтік емес ұйым, оның қызметі әрбір баланың дамуға қабілеттігін дәлелдейді. Орталық жұмысының нәтижесінде балаларды кешенді қалпына келтіру авторлық үлгісі әзірленді. 

Сорос Қазақстан Қорының «Құқықтық реформа» Бағдарламасы мен «AURORA» ҚҚ-ның «Күн астындағы орынға деген құқық» атты ұзақ мерзімді жобасы аясында «Мектеп портфелі» деректі фильмі түсірілді. 

2011 жылдың 27 қарашасында мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған «Самғау» екінші Жыл сайынғы қоғамдық сыйлығы өтті. «Самғау» байқауы  6 номинация бойынша өткізілді: спорт, әдебиет, белсенді қоғамдық әрекет, сурет өнері және қолөнер, сондай-ақ вокалдық орындау. 

Санкт-Петербургте «Континенттер кубогі-2011» арбадағы спорттық билер бойынша халықаралық турнир өтті, онда мүгедек балалар үйінің тәрбиленушісі Марат Сейтимов және Астанадағы «Мастер-класс» би мектебінің оқушысы Айдана Бегленова қола медалге ие болды.

Толығырақ

Аталмыш шара аутистикалық спектр бұзылуы бар балалардың мәселелерін шешуге арналған. Конференция мақсаты – мақсатқа ұмтылған ата-аналар, Қазақстан мамандары мен дәрігерлерінің мықты жүйесін құру, АСБ бар балалармен жұмыс жасағанда, маңызды қажеттіліктер облысын анықтау. Конференцияға Қазақстан мамандары мен халықаралық сарапшылар қатысты. Конференция бағдарламасы аутизм саласындағы ең өзекті бағыттарды қамтыды. 

Толығырақ

Нашар еститін балаларға арналған №4 интернатта қазақ ұлттық музыка концерті өтті. 

Серіктестер