Барлығына арналған жалпылама білім беруден әркімге сапалы білім беруге
Қазақстандағы инклюзивті білім беру – мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы білім беру мектептерінде білім алуына деген қол жетімділік

2014 жылы 3-10 қараша аралығында ҚР орталық мемлекеттік мұражайында аутизммен ауыратын балаларға арналған әлеуметтік көрме өткізілді. Экспозицияда жас фотосуретші Қанат Бейсекеевтің жұмыстары орын алды. Фотокөрмені Сорос-Қазақстан қоры мен Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұражайының қолдауымен «Ашық Әлем» қоғамдық қоры ұйымдастырды.

Әлемдік статистикаға жүгінсек, аутизммен ауыратын адамдар саны арта түсуде. Бұл дерт Қазақстанды да айналып өтпек емес. Фотокөрменің ұйымдастырушылары адамдардың аутизм туралы сауаттарын ашып, ондай кеселге шалдыққан адамдарға көмек керек екенін айтып және олардың өмір сүру деңгейін көтеру қажеттігін алға тартты.  

Серіктестер