Барлығына арналған жалпылама білім беруден әркімге сапалы білім беруге
Қазақстандағы инклюзивті білім беру – мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы білім беру мектептерінде білім алуына деген қол жетімділік

 2015 жылы 16 қаңтарда Алматы қаласындағы С. Бегалин атындағы ҚБК-да «Ата-аналар не істей алады?» атты кітаптың тұсаукесері өтті.  

Кітапты Сорос-Қазақстан қорының грантты қолдауының арқасында  дайындап-шығарған «Ашық мектеп» қоғамдық білім қоры. 

«Ата-аналар не істей алады?» кітабы – ұрпағына қойылған ауыр диагноздар мен болжамдарға қарамастан, мүмкіндігі шектеулі балаларына емделу жолында айтулы нәтижелерге қол жеткізіп, өздерін қалыптастыруға, әлеуметтік тұрғыда өз орындарын табуға көмектескен ата-аналардың «табысқа қол жеткізу» оқиғалары туралы.

Кітапта ерекше балаларды тәрбиелеп отырған он бес отбасының оқиғасы баяндалған. Олар Алматы, Павлодар, Көкшетау, Астана, Қарағанды, Рудный, Теміртау сынды қалаларда бізбен қатар өмір сүріп жатыр. Олардың барлығы өзгелерге ұқсамайтын дарынды, қызықты және ерекше бірегей балаларды тәрбиелеп отыр. Кітап кейіпкерлерінің әрқайсының өз тағдыры бар, алайда, олардың барлығына ортақ қасиет – осы бір қиын өмірде өз орындарын таба білу, күні кеше ғана бұл қоғам ерекше адамдарды ескермек емес еді, дегенмен олар – барша әлемде бір, олардың құқықтары тең, олардың мүмкіндіктері де таң қаларлық.  «Жақсы оқиғалар – бізді жақсарта түседі» деген тамаша нақыл бар. Бұл кітапты оқып шыққан адамдар өмірдің ең негізгі қағидасын түсінеді: «Рас, біз әуел басқа қайта оралып, өткенді өзгерте алмаймыз, алайда, дәл қазір өзімізді қолға алып, болашағымызды өзгертсек болады». 

Серіктестер