Барлығына арналған жалпылама білім беруден әркімге сапалы білім беруге
Қазақстандағы инклюзивті білім беру – мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы білім беру мектептерінде білім алуына деген қол жетімділік

2015 жылдың 23 маусымында Болат Өтемұратовтың «Асыл Мирас» Жеке Қайырымдылық қоры Алматы қаласында аутизмі бар балаларға арналған алғашқы орталығын ашты. Орталықтың ашылуы аутизмге шалдыққан балалардың ата-аналары бірлестігі – «Ашық Әлем» Қоғамдық Қоры серіктестігі болып табылатын, «Аутизм»

 Әлем баршаға ортақ» қорының ауқымды бағдарламасын іске асырудың бастамасы болды. Қордың келесі Орталығы Астана қаласында ашылатын болады.


«Асыл Мирас» аутизмге шалдыққан балалар орталығында балалар мен олардың ата-аналары кәсіби мамандардан көпатқарымды көмек ала алады. Баланы жеке оңалту курсы 6 айға арналған, бұл кезеңде «Асыл Мирас» жаңа алматылық орталығы 90 балаға кешенді көмек көрсетеді.
«Аутизм. Әлем баршаға ортақ» бағдарламасы аутизмді түзетудің екі әдістемесін енгізеді. Біріншісі – классикалық, бұл жағдайда баламен әлеуметтік-коммуникативтік және танымдық, тілдік және күнделікті өмірдің дағдыларын пысықтайды. Сонымен бірге баламен 4 маман жұмыс істейді: психолог, дефектолог, логопед және әлеуметтік педагог. Жұмыстың екінші әдісі – бұл АВА терапия, бұл мінез-құқықтың тілдік және базалық дағдыларын бағалаудан тұрады, осылайша әрбір балаға жеке педагог қарастырылған. Барлығы 544 дағды бөлінген, олардың
 негізінде әрқайсысына жеке бағдарламалар құрайды. «Асыл Мирас» Орталығының әрбір маманы мінез-құлықтың қолданбалы талдануы, аутизм диагностикасы, сенсорлық ықпалдастық бойынша оқыту тренингтерін, сонымен бірге басқа да мамандандырылған курстардан өткен. Бағдарлама жоспарларында – жеке орталықтар үшін мамандарды оқыту, әрі қарай – Қазақстан бойынша мамандардың методологиялық және тәжірибелік білімдерімен алмасады.

Источник

 

Серіктестер