Барлығына арналған жалпылама білім беруден әркімге сапалы білім беруге
Қазақстандағы инклюзивті білім беру – мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы білім беру мектептерінде білім алуына деген қол жетімділік

12-жылдық оқыту базасында жаңа білім беру стандарттарын әзірлеу аясында орта білім беру жүйесінде мүмкіндігі шектеулі балаларды толық қамту қарастырылған, деп хабарлады 16.02.2015 ОКҚ брифингінде ҚР білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов.

«Бүгінгі таңда 25 мыңнан астам бала инклюзивті біліммен толық қамтылған, қалған балалар үйде оқиды. Жаңа стандарттар мен жаңа оқу бағдарламаларын әзірлеу аясында аталған бағдарламаларға Қазақстанда инклюзивті білім беруді дамытудың тұжырымдамалық әдістері ықпалдастырылады. Яғни, барлық мектептерде мүмкіндігі шектеулі балаларға басқалармен бірдей білім алу мүмкіндігі беріледі», - деді А.Сәрінжіпов.

Осылайша, министрдің айтуынша, мектеп жасындағы 94 мың бала инклюзивті білімді қажет етеді. Қазақстандағы мектептерді 2020 жылға дейін 70%-ын инклюзивті біліммен қамту жоспарланған.

Естеріңізге салсақ, ҚР БҒМ алқа отырысында жыл соңына дейін он бір жылдық білім беру және бір жыл мектеп алдындағы дайындық енгізілетін оқытудың жаңа стандарты әзірленетіні айтылған болатын.

Осылайша, министрдің айтуынша, ағымдағы жылдың 11 ақпанында Үкімет отырысында Мемлекет басшысының берген тапсырмасына сәйкес бір айдың ішінде министрлік орта білім құрылымы бойынша жаңа ұсыныстар енгізуі тиіс.

«Ұсыныстар халықаралық талаптарға сәйкестікке қатысты болады. Біз он екі жылдық білім беру жағына қарай жылжитын боламыз, бірақ Президент тапсырғандай, көшу он бір жылдық білім беру мен плюс мектеп алдындағы дайындық аясында жүзеге асырылады. Қазіргі кезде мектепке дейінгі даярлық бағдарламасы бізде 6 жастағы барлық балалардың 95 пайызын қамтып отыр. Біз мектеп алдындағы даярлық бағдарламасын жаңартуды жақсарту бағыты бойынша жүретін боламыз. Яғни, бұл «бір плюс он бір» формуласы болмақ», - деп түсіндірді А.Сәрінжіпов.

 Источник

Серіктестер