Барлығына арналған жалпылама білім беруден әркімге сапалы білім беруге
Қазақстандағы инклюзивті білім беру – мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы білім беру мектептерінде білім алуына деген қол жетімділік

Диана Гурцкая – дарын, ерік пен ынта болса, өмірдің барлық қиындықтарын жеңіп шығуға болатындығының айқын дәлелі. Дарынды зағип әнші қыздың сахнаға дейінгі жолы – дені сау балалармен бірге қарапайым музыкалық мектепте оқуы, алғашқы жеңістер мен көрермендердің ыстық махаббаты, түрлі елдердің мемлекеттік сыйлықтары, «Евровидение» конкурсына қатысуы, «Сочи-2014»-тегі елші лауазымы. Белсенді азаматтық ұстаным – «Жүрек үнімен» зағип және нашар көретін балаларға көмек қорының төрайымы, «Ақ таяқ» жыл сайынғы халықаралық қайырымдылық фестивалі, басқа да акцияларға қатысу және физикалық шектелген балалардың дарындарын қолдау. 

Толығырақ

Серіктестер