Барлығына арналған жалпылама білім беруден әркімге сапалы білім беруге
Қазақстандағы инклюзивті білім беру – мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы білім беру мектептерінде білім алуына деген қол жетімділік

30 қаңтар 2014, kapital.kz, Қоғамдық сана ҚР-да инклюзивті білім беруді жүзеге асыруға кедергі болуда

Қазақстанда қабылданған білім беру бағдарламасы аясында мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы санының жартысы инклюзивті оқытуға жұмылдырылу керек. Алайда мамандар мұндай көрсеткішке қол жеткізуге болатындығына шүбә келтіреді, өйткені инклюзивті білім беруді енгізу үшін әлі де қоғамдық сананың дамымағанынан бастап, дамуында ерекшелігі бар балаларды әлеуметтік біріктірудің жалпы республикалық бағдарламасының жоқтығына дейінгі көптеген тосқауылдар бар. Одан басқа, «Кеңес» орталығы мамандарының ойынша, жалпы білім беру жүйесіндегі балалардың білімдері мен икем-дағдыларын бағалау жүйесін өзгерту қажет.  

Толығырақ

 

Қала мүгедек арбасындағы жанның көзімен!

Арбадағы мүгедек жанның көзімен қарағандағы Алматы қаласының объектілері бойынша серуен жайлы репортаж.

Қажеттіліктері айрықша жандардың Тұңғыш Президент Саябағында, Қазақ Мемлекеттік Циркінде және оған кіреберіс жолда көретін қиындықтары, Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының күрделі пандустары туралы, Есентай өзеніне өздігінен түсудің және кафе есігінен өтіп кетудің мүмкін еместігі жайлы; сондай-ақ мүгедектерге арналған орындарда тұрақтайтын көліктер туралы. 

Толығырақ

 

11 желтоқсан 2012, www.mtrk.kz, Инклюзивті білім беруге бағытталған жолда

Мектепке дейінгі мекеме негізінде сау балалармен қатар мүмкіндігі шектеулі балалар да тәрбиеленетін «Батыр» балабақшасы мысалындағы инклюзивті білім беруді енгізудің сәтті тәжірибесі. Мектепке дейінгі мекемеде 13 топ бар, оның екеуі түзету топтары. Мүгедек балалармен арнайы әдістемелер бойынша жұмыс жасайды.  

Толығырақ

 

8 қараша 2012, www.unicef.kz, Қазақстанда мүгедек балалар мен қажеттіліктері айрықша балаларды қоғам өміріне қосуды алға жетелеу бойынша бағдарлама іске қосылды

Шығыс Қазақстан облысындағы «Мүгедек балалар мен қажеттіліктері айрықша балалар үшін инклюзивті қауымдастықты алға жетелеу» бағдарламасы.

Мақсаты – балаларды спорттық шараларға жұмылдыру арқылы мүгедек балалар мен қажеттіліктері айрықша балаларға білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау қызметтерін ұсынуда инклюзивті амалды әзірлеу. Бағдарламаны ШҚО жергілікті өкіметі, БҰҰ балалар қоры (ЮНИСЕФ) және Спешиал Олимпикс жүзеге асыруда. 

Толығырақ

 

17 қыркүйек 2012, zoj.kz, Мүмкіндігі шектеулі балалар қайда оқу керек?

Қандай мектепті таңдаған жөн – жалпы білім беретін бе, әлде арнайы мектепті ме? Оңалту орталығының басшысы, ТП ҰҒПО (Түзету педагогикасының ұлттық ғылыми-практикалық орталығы) психологы Жангелдинова Зауре Болатқызы мен республикалық ПМПК (Психолого-Медико-Педагогикалық кеңес беру) басшысы, психология ғылымдарының кандидаты Ерсарина Алия Қасымханқызы мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарына кеңес беріп, жинаған тәжірибелерімен бөліседі.  

Толығырақ

 

15 қыркүйек 2012, caravan.kz, Алғаш рет барлығымен бірге бір сыныпқа! Ирина Пранкевич

Ауылдық елді-мекендерде инклюзивті білім беруді енгізудегі қиындықтар. Психолого-Медико-Педагогикалық кеңес берудің қорытындысындағы жазбаның тұжырымдамасын өзгерту қажеттігі. Республикалық оңалту орталығының Астана қаласындағы жұмыс тәжірибесі – «Инклюзив – эксклюзив емес!» Мектептердегі инклюзивті білім берудің қиындықтары мен оларды шешу жолдары. 

Толығырақ

 

31 мамыр 2012, voxpopuli.kz, Жаңбыр Адамдары, Арсен Туган, Дамира Нагуманова

Аутизмге шалдыққан ұлдармен өткізілген бір күннің фоторепортажы. Олардың бірі – Қазақстанда, екіншісі Америка өмір сүреді. Аурудың алғашқы белгілері, балаларды мектеп және қарапайым өмірдің өзіне қосу жолдары, аутизмге шалдыққа адамдармен қарапайым адамдарға қалай араласу керектігі жөнінде кеңестер.  

Толығырақ

 

30 сәуір 2012, info-tses.kz, Инклюзивті білім беру: апар, бірақ зиян келтіріп алма! Елена Сапига

Инклюзивті білім беру– мемлекеттік ұйымдар, қоғамдық және жеке меншік қорлар мен қозғалыстардың қызығушылығына алынған нысан. Мақалада Сорос-Қазақстан қорының инклюзия саласындағы танымал отандық және шетел мамандарын, сондай-ақ психолого-медико-педагогикалық кеңес берудің басшылары мен арнайы түзету оқу орындарының директорларын жинайтын «Инклюзивті білім беру бойынша аймақтық дөңгелек үстелдер сериясы» жобасын іске асырудағы тәжірибесі қарастырылады.  Қазақстандағы инклюзивті білім беру мәселелері мен жетістіктері, қазіргі жағдай, инклюзивті оқыту жүйесі бойынша жұмыс істейтін мектептердің тәжірибелері, бұл мәселелерге арналған арнайы сайттың болуы, шетелдік тәжірибе.  Инклюзивті оқытуға тән құндылықтар мен пікірлер. 

Толығырақ

 

2 сәуір 2012, info-tses.kz, «Апа, менің қолымнан келеді!», Наталья Гук

Қажеттілігі айрықша жастар – 16 мен 24 жас аралығындағы мүгедектердің қиындықтарын қарастыру. Отбасы, мектептегі өзара қатынас, мамандық алудағы және қалыпты әлеуметтік өмірге «қосылудағы» қиындықтар. «Балам-ай» балаларды дамыту орталығының жұмыс тәжірибесі. 

Толығырақ

 

30 қыркүйек 2011, info-tses.kz, "Барлығы сияқты болу", Инна Мамонтова

Мүгедек балалардың астаналық 65-ші мектептегі қарапайым сыныптарда инклюзивті білім алуының тәжірибесі. Мектепте тосқауылсыз ортаны құру, қажеттіліктері айрықша балаларды дені сау балалар мен олардың ата-аналары қабылдауындағы қиындықтарды шешу, тьютор – серік мұғалімдердің, медициналық кабинеттердің болуы. Қазірде бар қиындықтар және оларды шешу жолдары.

«Ерекше» балалардың ата-аналарымен сұхбат.

Толығырақ

 

29 желтоқсан 2011, gazetaturan.com, Шектеусіз мүмкіндіктер, Наталья Копылова

10 жылдан аса инклюзивті оқыту әдісімен жұмыс істейтін Петропавл қаласының № 13 мектебінің қызықты тәжірибесі. Бұрынғы спортшы Шамиль Шамшакбаевтың  Оңалту орталығын құру, және кейін мүгедек балалар дені сау құрдастарымен бірге оқи алатын мектепті ашудағы жұмысы. Мектепті қайта жабдықтау, дені сау балалардың бойында қажеттіліктері айрықша балаларға дұрыс қатынасты тәрбиелеу, балалар арасындағы қандай да бір дискриминацияны жою, барлығына бірдей жағдай жасау, оқу үрдісін ұйымдастырудағы ерекшеліктер. Алғашқы түлектер мен алғашқы жетістіктер. Мектеп директоры Лидия Масловамен сұхбат.

Толығырақ

Серіктестер