Барлығына арналған жалпылама білім беруден әркімге сапалы білім беруге
Қазақстандағы инклюзивті білім беру – мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы білім беру мектептерінде білім алуына деген қол жетімділік

 

Бүгінгі таңда Қазақстанда жергілікті бюджет арқылы қаржыландырылатын 58 психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңесі жұмыс істейді. Нормативке сүйенер болсақ, әрбір 60 мың баладан тұратын елді мекен үшін бір кеңестен қажет екен, осылайша мұндай мекемелер саны елімізде 80-ге жетуі тиіс. Аталған кеңестердің әдістемелік жетекшілігі Алматы қаласында орналасқан Республикалық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңеске бекітілген.

01.01.212 жылғы жағдай бойынша, ҚР-да 151 216 мүмкіндігі шектеулі бала тіркелген, бұл еліміздегі балалар санының 3,1%-ын құрайды.

Республикалық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестің 01.01.2012 жылға берген деректері бойынша, арнайы (түзетуші) мектепке дейінгі және мектеп жасындағы білім мекемелері мен білім мекемелеріндегі сыныптарда 20 912 бала, яғни мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы көрсеткішінің 13,8%-ы білім алып, тәрбиеленіп жатыр екен.

2011 жылы мектеп жасындағы мүмкіндігі шектеулі 111 405 бала білімге тартылды (жалпы білім беретін мектептерге, арнайы білім беру мекемелеріне, арнайы сыныптарға, үйде оқытуға, кәсіби мектептерге және колледждерге).

Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдар аралығына құрылған білім беру жүйесін жетілдіру мемлекеттік бағдарламасына сәйкес 2020 жылға қарай мектептердің жалпы саны бойынша инклюзивті білім беруге жағдай тудыратын мектептер санын   70%-ға көбейту қолға алынып отыр.

Инклюзивті білім беруге байланысты сұрақтарды зерттеп және нормотивті база құрумен Түзету педагогикасының Ұлттық ғылыми-тәжірибелік орталығы айналысады. Орталық жалпы білім беру мектептерінің инклюзивті сыныптарында жұмыс істейтін мамандарды дайындап, олардың санаттарын жоғарылату курстарын жүргізеді.

2009 жылы республикамыздың үкіметтік емес ұйымдары мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы білім алу жүйесіне құқықтары шеттетілуіне байланысты мәселеге назар аударту мақсатында «Инклюзивті білімді қолдаймыз!» атты Акция өткізген болатын. Нәтижесінде жергілікті бюджеттен Астана қаласының оқу орындарында мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдауға байланысты негізгі бағдарламаларды жалғастыруға қаржы бөлініп, сондай-ақ 2007-2011 жылдарда «Қазақстан балалары» мемлекеттік бағдарламасы мен 2005-2011 жылдарда «Білім туралы заңды» қолдау мақсатында қосымша тәжірибелік мектептерді қосу қолға алынды.  

Қазіргі таңда Астана қалалық №65 гимназиясында есту қабілетінде ақауы бар 87 оқушы оқиды. Олардың 72-сі арнайы сыныптарда (кохлеарды имплантациядан кейінгі балаларға 5 сынып, мүлде естімейтін балаларға 3 сынып, нашар еститін балаларға 3 сынып) оқиды. 11 инклюзивті сыныптарда 15 есту қабілетінде ақауы бар, 1 көру қабілеті нашар және 5 тіреу-қозғалыс аппараты зақымданған балалар білім алады. Астана қаласы әкімдігі аталған гимназиядағы жұмыстарды ұйымдастыру үшін инклюзивті білім бойынша директордың орынбасарына жалақы тағайындаған болатын. Мүмкіндігі шектеулі балаларды психлолгиялық-педогогикалық тұрғыдан жетектеуді штаттағы мамандар: сурдопедагог, логопед, психолог жүзеге асырады. Астана қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мен қалалық мәслихаттың арқасында әлеуметтік көлік – шағын автобустардың мәселесі шешіліп, олар мүгедек арбасына арналған арнайы көтергіштермен жабдықталған болатын.  

Алматы қаласында алғаш рет 2011 жылы № 116 жалпы білім беру мектебінде есту қабілетінде ақауы бар үш бірінші сынып оқушысына оқу құқығын сыйлау мақсатында екі инклюзивті сынып ашылған болатын.

 

Серіктестер