Барлығына арналған жалпылама білім беруден әркімге сапалы білім беруге
Қазақстандағы инклюзивті білім беру – мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы білім беру мектептерінде білім алуына деген қол жетімділік

Инклюзивті білім беру  - жалпы білім беру мектептерінде қажеттіліктері айрықша балаларды оқыту үрдісін сипаттайтын термин.

Инклюзивті білім берудің негізгі міндеті – мүмкіндігі шектеулі балалалардың қандай да бір дискриминациясын жою және олардың білім алуына тең жағдай жасау. Сонымен қоса білім алудағы қажеттіліктері айрықша балалар үшін арнайы жағдайлар жасау қарастырылады.  

Инклюзивті білім берудің мақсаты қоғамның біршама осал қабаттарының білім алуы мен кәсіби дайындығында тосқауылсыз орта құру болып табылады.

Одан басқа,  мүмкіндігі шектеулі балалармен өзара әрекетін дамытуға бағытталған мұғалімдер мен өзге оқушыларға арналған арнайы бағдарламалар әзірлеу қажет.

2002 жылы Қазақстанда «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзете қолдау туралы» Заңы шықты http://inclusion.kz/sites/default/files/zakon__o_socialnoy_i_mediko-pedagogicheskoy_korrekcionnoy_podderzhke_detey_s_ogranichennymi__vozmozhnostyami.pdf, бұл заң мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзете қолдау формалары мен әдістерін анықтайды.

2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік білім беруді дамыту бағдарламасы аясында http://inclusion.kz/sites/default/files/gosudarstvennaya_programma_razvitiya_obrazovaniya_rk__na_2011-2020_gody..pdf  2020 жылға дейін инклюзивті білім беруге жағдай жасаған мектептер санын жалпы мектептер санының 70% үлесіне дейін жеткізу жоспарлануда

Толығырақ

Серіктестер