Барлығына арналған жалпылама білім беруден әркімге сапалы білім беруге
Қазақстандағы инклюзивті білім беру – мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы білім беру мектептерінде білім алуына деген қол жетімділік

Инклюзивті немесе бірлескен оқыту – балалардыңқандай да бір дискриминациясын жойып, барлық адамдарға бірдей көзқарасты қамтамасыз ететін және білім алудағы қажеттіліктері айрықша балаларға ерекше жағдай жасайтын жалпы білім беру мектептерінде қажеттіліктері айрықша балалардың білім алу үрдісін сипаттайтын термин.

Инклюзивті білім беру оқытудағы түрлі қажеттіліктерді қамтамасыз ету үшін ыңғайлы болатын оқу мен білім беру әдісін әзірлеуге тырысады. Бұл өзгерістер нәтижесінде білім беру мен оқу біршама тиімді болса, қажеттіліктері айрықша балалар ғана емес, барлық балалар да бұдан пайда көретін болады.

Инклюзия –денсаулық мүмкіндігі шектеулі оқушылардыңөз күшіне деген сенімін арттыру арқылы оларды басқа балалармен бірге мектепке баруға уәждеу талпынысы.

Инклюзия дамуында ауытқушылығы бар балалардыңғана емес, көпшіліктен қалай да болсын өзгешеленетін балалардың да мұндай талпыныстарын жүзеге асыруға көмектеседі. Бұл – басқа тілде сөйлеп, өзге мәдениетке жататын, бір-бірінен өмір сүру стилімен өзгешеленетін, білім алудағы қызығушылықтары мен қабілеттері әр түрлі балалар.

Бірлескен оқыту сегіз қағидаға негізделеді:

  • Адамның құндылығы оның қабілеттері мен жетістіктеріне байланысты емес
  • Әрбір адам сезіне алады және ойлай алады
  • Әрбір адам сөйлеуге және сөзінің тыңдалғанына құқылы
  • Барлық адамдар бір-біріне мұқтаж
  • Нағыз білім беру тек шынайы өзара әрекет жағдайында ғана жүргізіле алады
  • Барлық адамдар құрдастарының қолдауы мен көмегіне мұқтаж
  • Барлық білім алушылардың ілгерілеудегі жетістіктері олардың не істей алмайтындығында емес, не істей алатындығында
  • Сан алуандылық адам өмірінің барлық қырларын нығайтады.

Біріктіру – бұл интеграция емес:

  • Біріктіру – интеграциядан да артық
  • Жастар қарапайым мектепте бірге оқиды
  • Мамандар балаларға көмектесу үшін келеді
  • Қарапайым мектептер өзгеруде
  • Баланың мүмкіндіктері мен мықты жақтарына көңіл бөлінеді
  • Барлық жастар мүгедектік жетістіктер тарихын оқиды
  • Адам дамуын қарапайым ретінде қабылдайды
  • Жастар ата-аналарымен бірге өмір сүру мүмкіндігін алады
  • Жас мүгедектер толыққанды өмір сүру үшін толыққанды және тиімді білім алады
  • Жас мүгедектердің көзқарастары мен ойлары айналадағылар үшін де маңызды бола бастайды

Біріктіру – бұл:

  • Қарапайым орта мектепте арнайы сыныптардың болуы ЕМЕС;
  • Баланы орта мектепте қажетті қолдаусыз оқыту ЕМЕС;
  • 1 не 2 баланы мектептен тыс және тең мүмкіндіктерді елемей біріктіру ЕМЕС;
  • Балалардың орта мектепке арнайы мектептен кейін 1-2 сағатқа ғана келуі ЕМЕС.

Толығырақ: www.obrazovanie.perspektiva-inva.ru

Серіктестер