Барлығына арналған жалпылама білім беруден әркімге сапалы білім беруге
Қазақстандағы инклюзивті білім беру – мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы білім беру мектептерінде білім алуына деген қол жетімділік

Национальный отчет по развитию образования Республики Казахстан (Министерство образования и Науки Республики Казахстан, 2008г)

ссылка для скачивания

Специальное образование и развитие инклюзивного образования в Республике Казахстан

Білім беру саласындағы негізгі халықаралыққұжаттарға сай Қазақстан Республикасының заңнамасында даму мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың білім алуында теңқұқықтыққағида ұсталады.

Даму мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алу құқығының кепілі Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Білім туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы», «Арнайы әлеуметтік қызметтер туралы» заңдарында бекітілген.

Мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алуына жағдай жасаудағы басым бағыттар:

1. Балалар дамуындағы кемшіліктерді анықтап, түзету педагогикалық жұмыстарын неғұрлым ерте кезеңде ұйымдастыру

Республикадағы арнайы білім беру жүйесінің бастапқы деңгейі – психолого-медико-педагогикалық кеңес беру; мемлекет бойынша 56-дан асаоблыстық, қалалық, аудандық, соның ішінде бір республикалық ПМПК жұмыс істейді. ПМПК жүйесінің кеңеюімен дамумүмкіндігі шектелген балаларды анықтау да жақсарды. Мұндай балаларды мектепке дейінгі білім беру жүйесіне тарту үшін түзету және инклюзивті білім беру кабинеттері ашылып, балалар мен олардың ата-аналарына кешенді түзету педагогикалыққолдау көрсетуге арналған арнайы білім беру ұйымдарының жаңа түрлері жүйесі кеңеюде.

2. Барлық санаттағы балалардың психофизикалық ерекшеліктерін ескере отыра, білім алу құқығын іске асыру үшін вариациялық жағдайларды жасау

Қазіргі уақытта республикада даму мүмкіндігі шектелген балалардың білім алуын ұйымдастыруға арналған арнайы білім беру ұйымдарының сараланған жүйесі бар, оныңқұрамына түр мен типтер бойынша арнайы (түзету) білім беру ұйымдары, жалпы типті балабақшалардағы арнайы топтар мен жалпы білім беретін мектептердегі арнайы сыныптар жатады.

Мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алуын ұйымдастыру мақсатында білім алушылардың психофизикалық дамуының бұзылу деңгейі мен оқытудың вариациялығын қарастыратын Типтік арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары (ҚР Білім және ғылым министрінің 2009 жылдың 8 шілдесіндегі № 333 бұйрығы) әзірленді.

3. Біріктірілген инклюзивті білім беруді дамыту

Бүгінде қазірде бар түзету білім беру ұйымдары жүйесін сақтап, жетілдіру әрі біріктірілген (инклюзивті) білім беруді дамыту ең оңтайлы амал болып табылады.

Осылайша, қазіргі таңда, Шығыс Қазақстан облысы, Алматы және Астана қалаларындағы интеллектуалды кемтарлығы бар балаларға арналған мектептерде ақыл-ой кемтарлығының орташа және ауыр деңгейіндегі балаларға арнайы сыныптар ашылған, оңалту орталықтары, түзету мектептері мен балабақшаларда эмоциялық-ерік аясы мен жүріс-тұрысында анық байқалатын ауытқушылығы бар балалар мен дамуындағы күрделі құрама және басқа да бұзылулары бар балалар үшін эксперименттік сыныптар мен топтар ашылды, сондай-ақ оқытудың түрлі біріктірілген формалары пайда болды. Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстары мен Алматы қаласы қызықты тәжірибеге ие, мұнда бала аутизмі бар балалардың білім алуы ұйымдастырылған.

Ақтөбе және Орал қалаларының көмекші мектептерінің негізінде мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беретін бұқаралық мектеп мұғалімдері үшін ресурстық (кеңес беру) орталық ашылды. Барлық түзету мектептерінде мектептік психолого-медико-педагогикалық консилиумдар ұйымдастырып, әрекет етеді.

Мүмкіндігі шектеулі балалардың арнайы білім беру оқу бағдарламаларымен қамтылу мәселесі Алматы және Астана қалаларының, облыс әкімдіктерінің рейтингтік бағалау көрсеткіштерінің мониторингіне енгізілген.

Қазіргі таңда республикада 18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі 138 513 бала тіркелген, бұл елдегі жалпы балалар санының 2,8 % құрайды. Мектеп жасына дейінгі 15 мыңнан аса бала тәрбиеленіп, білім алатын 39 арнайы балабақша мен 315 арнайы топтар, 25 мыңнан аса оқушы білім алатын 106 арнайы мектеп мен жалпы білім беретін мектептердегі 1219 арнайы сыныптар жұмыс жасайды. Сондай-ақ 17 оңалту орталығы, 133 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті мен мектептерде 558 логопедиялық пункт қызмет етеді.

Мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алуға деген қолжетімдігін электронды оқыту жүйесі, қашықтықтан білім беру де қамтамасыз етеді. 2011 жылдан бастап мемлекеттік бағдарлама аясында үйде білім алатын балалар қажетті бағдарламалық-техникалыққұралдарға ие болады. Республикадағы арнайы білім беру ұйымдарының шамамен жартысы мультимедиялық білім беру жүйелерімен жасақталған. Интербелсенді тақталармен арнайы мектептердің 20 %қамсыздандырылған. Арнайы мектептердің шамамен95 % ғаламторға кіру мүмкіндігіне ие. Арнайы білім беру ұйымдарының 41 % логопедиялық жаттығу құрылғыларымен, 37% — есту-сөйлеу жаттығу құрылғыларымен қамтамасыз етілген.

Түзету педагогикасы ұлттықғылыми-практикалық орталығының эксперименталды алаңы – Астана қаласындағы № 65 мектеп-гимназия. Онда есту, көру кемтарлығы, БЦП ауруы бар 20 оқушы оқитын 11 инклюзивті сынып (екеуі мемлекеттік тілде және 9 — орыс тілінде) әрекет етеді. Мектепте тиісті жағдайлар жасалған: «тосқауылсыз орта», оқу кабинеттерінің материалдық-техникалыққамсыздануы, түзету және оңалту шаралары жүргізіледі, медициналық кабинеттердің арнайы жабдықталуы, оқу сыныптары арнайы парталар, орындықтар мен вертикализаторлармен жасақталған.Қажеттіліктері айрықша балалардыңқарапайым балалармен білім алуын синхрондау стратегиясы жасақталған. Сабақ кестелері жалпы білім беру нормативті-құқықтық актілерге сай келеді. Инклюзивті сыныптарда сабақ беретін мұғалімдер күнтізбелік-тақырыптық жоспарлаумен айналысады, онда мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жекелей жоспарланады. Мектепте оқушы қажеттіліктеріне байланысты екі деңгейлі тьютормен қосарлау үлгісі қолданылады, сурдопедагогтардың штаттық бірліктері қарастырылған. Тіреу-қозғалыс аппаратының бұзылулары бар балалар мектепке және үйге инватаксимен жеткізіледі. Есту кемтарлығы бар балалардыңәлеуметтік бейімделуі үшін № 65 мектеп-гимназиясында бастауыш кәсіптікке дейінгі дайындық жүргізіледі – жоғары сынып оқушылары үшін шаштараз өнері мен маникюр, сондай-ақ бағдарлар: ағаш өңдеу, сәндік-қолданбалы өнер бойынша семинар-тренингтер мен оқыту сабақтары өткізіледі. Мектепте, сондай-ақ, мимика мен ым-ишарат театры жұмыс істейді.

Республиканың27 жалпы білім беретін мектебінде (26 – мемлекеттік мектеп, 1 – жеке меншік мектеп) қарапайым сыныптарда дамуы қалыпты балалармен қатар дамуында ауытқулығы бар 96 бала оқып келеді.

Инклюзивті білім беруді енгізу үрдісі кешенді сипатқа ие және онда мемлекеттік құрылымдар, ата-аналыққоғам, отбасы, білім беру органдары мен ұйымдарының және үкіметтік емес ұйымдардыңқатысуын қарастырады.

Серіктестер