Барлығына арналған жалпылама білім беруден әркімге сапалы білім беруге
Қазақстандағы инклюзивті білім беру – мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы білім беру мектептерінде білім алуына деген қол жетімділік

Инклюзивті білім берудің әлемдік тәжірибесі

20 ғасырдың 70-ші жылдарынан бастап шетелде мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алу мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған нормативті актілер пакетін әзірлеу және енгізу жүргізілуде, мүгедек балалардың ата-аналарыныңөздігінен ұйымдасу мәселелері, ересек мүгедектер мен олардыңқұқықтарын қорғаушылардыңәлеуметтік белсенділігі мәселелеріне арналған және инклюзивті білім беру идеясын дәріптеуге септігін тигізетін зерттеулер жүргізіліп, басылымдар жарық көруде.

Мемлекеттік, муниципалдық мектептер қажеттіліктері айрықша балалар үшін бюджеттік қаржыландыруға ие болып, сәйкесінше, ресми түрде мүгедектер етіп тіркелген оқушылар санын арттыруға мүдделі.

Инклюзивті оқыту жайлы ережелер 2006 жылдың 13 желтоқсанында БҰҰ Бас Ассамблеясымен мақұлданған «Мүгедектердіңқұқықтары туралы» БҰҰ Конвенциясына енгізілген.

АҚШ пен Еуропаныңқазіргі білім беру саясатында бірнеше амал-тәсілдер дамуға ие, соның ішінде:

  • білім алуға деген мүмкіндікті кеңейту (widening participation)
  • мэйнстриминг (mainstreaming)–мүгедек оқушылардыңқұрдастарымен түрлі мейрамдар, сауық бағдарламалары, т.б. кезінде араласуы.
  • ықпалдастық (integration) –психикалық және физикалық кемтарлығы бар балалардыңқажеттіліктерін оларға бейімделмеген, жалпы өзгермейтін білім беру жүйесіне сай келтіру.
  • инклюзия, яғни кірістіру (inclusion)–еш шектеусіз барлық балалардың талаптары мен қажеттіліктеріне жауап беретіндей етіп мектептер мен оқу бөлмелерін қайта құру.

Қазіргі уақытта АҚШ және Еуропа елдерінде ықпалдастық термині көбіне-көп кірістіру терминімен ауыстырылса, дамуында ауытқушылығы бар оқушылар термині білім алуда айрықша қажеттіліктері бар оқушылар терминімен алмастырылады.

Инклюзивті қозғалыс мектептің тиісті білім беру амалдарын, әр алуан оқыту тәсілдерін, оқыту мазмұнының вариациялығы мен коммуникативті құралдарды, т.б. қолдану сияқты жағымды жағдайларды жасау арқылы әрбір білім алушының оқудағы мақсаттарын қанағаттандыруға бағытталған.

Инклюзия барлық білім алушыларды әлеуметтендіруде тең мүмкіндіктер ұсыну мен қажеттіліктерді қанағаттандырумен байланысты.

РЕСЕЙ

Ресейде алғашқы инклюзивті білім беру мекемелері 1980 – 1990 жылдар шебінде пайда болды.

1992 жылдың күзінен бастап Ресейде «Денсаулық мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың ықпалдастығы» жобасының іске асуы басталды. Нәтижесінде 11 аймақта мүгедек балаларды біріктіре оқыту эксперименталды алаңдары құрылды.

2001 жылдың 31 қаңтарында денсаулық мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың бірлескен білім алу Концепциясы қабылданды. Денсаулық мүмкіндіктері шектеулі балалармен жұмыс істеуге педагогтарды дайындау мақсатында РФ Білім министрлігінің алқасы 1996 жылдың 1 қыркүйегінен бастап педагогикалық ЖООдың оқу жоспарларына «Арнайы (түзету) педагогикасы» мен «Денсаулық мүмкіндігі шектеулі балалар психологиясының ерекшеліктері» курстарын енгізу жайлы шешім қабылдады.

2008 – 2009 жылдары инклюзивті білім беру үлгісі эксперимент ретінде Федерацияның бірқатар субъектілерінде әр түрлі типті білім беру мекемелеріне енгізіледі. Мәскеуде инклюзивті оқыту бағдарламасы бойынша 47 мектеп жұмыс істейді.

Қазіргі уақытта Ресейде денсаулық мүмкіндігі шектеулі балалар үшін білім беру қызметтер нарығы тым шектеулі, арнайы (түзету) білім беру мекемелері оқытудың дәстүрлі формалары болып қалып келеді. Заңнамалық негізде және әлеуметтік қолдау жүйесінде анық кемшіліктер бар.

Ресейде әлі күнге дейін балалар дамуындағы ауытқушылықтарды ерте кезеңде анықтау бірыңғай жүйесі және ерте түзету-педагогикалыққолдау құрылмаған, ал шын мәнінде сапалы мектепке дейінгі түзету педагогикалыққолдаудан өткен балалардың жартысы білім алудағы шығыны көп арнайы (түзету) мектептері мен сыныптарында емес, жалпы білім беретін мектептерде оқи алады.

Мүгедек балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі қиындықтардың елеулі бөлігі түзету педагогтары (педагог-дефектолог), психологтар, тәрбиелеушілер мен әлеуметтік педагогтар сияқты білікті кадрлардыңқатты жетіспеуімен, олардың дайындық деңгейінің жетіспеушілігімен байланысты, көптеген мектеп директорлары мен мұғалімдері мүгедектік мәселесі жайлы көп біле бермейді және мүмкіндігі шектеулі балаларды қарапайым сыныптардағы оқу үрдісіне қосуға дайын емес.

Мүгедек балалардың драма, би үйірмелері, спорт секциялары және т.б. қатысу мүмкіндіктері жоқтыңқасы, бұл олардыңқоғамға одан ары қарай бірігуін қиындатады.

Одан басқа инклюзивті білімге мектептердегі қажетті материалдық-техникалыққамсызданудың жоқтығы кедергі, сондай-ақ мүгедек балаларға білім беру, денсаулық сақтау мекемелері, тұрғын үйлер мен көлікке, спорт және мәдениет мекемелеріне жетудіңөзі қиыншылық тудырады, бұл оларды қоғамнан мүлде ажыратады десе де болады.

Бүгінгі таңда РФ аумағында инклюзивті білім беру РФ Конституциясы, «Білім туралы», «РФ мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» федерациялық заңдары, сондай-ақ Еуропалық адам құқықтары мен негізгі еркіндіктерін қорғау туралы конвенцияның №1 баяндамасы мен бала құқықтары туралы Конвенциямен реттеледі.

2010 жылдың 28 сәуірінде Мәскеу қаласында «Мәскеу қаласындағы мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың білім алуы туралы» заңы қабылданды, ол денсаулық мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алу, қоғамға бейімделу және бірігу қажеттіліктерін мейлінше толыққанағаттандыруына бағытталған.

2012 жылы Ресейде «Мүгедектердіңқұқықтары туралы Конвенцияны бекіту туралы» Федералдық заңына қол қойылды.

АҚШ

Арнайы білім беру саласындағы қазіргі АҚШ саясаты бұқаралық және арнайы білім беруді біріктіруге негізделеді. Біріктірудің негізгі үш тәсілі ұсынылады:

  • негізгі бағыт–дамуында ауытқушылығы бар балаларды бұқаралық мектептердің сыныптарына орналастыруды қарастырады.
  • бұқаралық білім беру бастамасы–бұл тәсіл «негізгі бағыт» тұжырымдамасынан әрі қарай тереңдеп, дамуында ауытқушылығы бар оқушылардың білім алу жағдайларын түбегейлі өзгертуді ұсынады.
  • кірістіру – барлық балаларды кемтарлық түрі мен оның деңгейіне қарамастан, тұрғылықты жері бойынша жалпы білім беру үрдісіне кірістіруге негізделеді. Осындай балалардыңәрбіреуіне мамандар тобы жекелей оқыту бағдарламасын әзірлеп, соған сай оқушы үлгерімін бағалау да жүргізіледі.

Қазіргі таңда АҚШ-та 1990 жылы қабылданған «Кемтарлығы бар тұлғалардың білім алуы туралы акт» заңы әрекет етеді. Ол бала қажеттіліктеріне жауап беретін халықтық білім беру жүйесіндегі тегін оқуға кепілдік береді. Заң арнайы білім алуға құқық беріп қана қоймай, сондай-аққосымша қызметтерге (көлік, логопедиялық сабақтар, психологтың көмегі, аудиологиялық зерттеу және т.б.) де кенелтеді.

«Мүмкіндігі шектеулі студенттер Дипломдарының баламасы: NCEO құжатының жалпы шолу-синтезі» құжатына сілтеме

Швеция

Бұл мемлекеттегі қажеттілігі айрықша балалардың көбі олар қажетті қолдауға ие болатын қарапайым сыныптарға біріктірілген. Анық байқалатын есту, көру кемтарлығы, ақыл-ой кемтарлығы, үйлескен ауытқушылықтары бар балалар кемтарлық түрлері бойынша ажыратылатын арнайы мектептерде оқиды, онда балалар 21-23 жасына дейін білім ала алады. Ақыл-ой кемтарлығы бар балаларға арналған арнайы мектептер жалпы білім беретін мектептер ғимаратында сыныптар ашу жолымен біріктірілген. Ерте балалық аутизмге шалдыққан балалар қарапайым мектептерде кішігірім топтарда оқиды.

Франция

Франциядағы арнайы білім беру дамуында ауытқушылығы бар балаларды жалпы білім беру мектептеріне мейлінше көп біріктіруге бағытталған. Дамуында ауытқушылығы бар балаларды жалпы білім беру үрдісіне кірістіру 4 түрлі нұсқада жүзеге асады:

  1. Бала қарапайым мектеп бағдарламалары бойынша білім алады, бірақ мектепте және одан тыс оған қосымша қызметтер ұсынылады (мысалы, емдеу шаралары);
  2. Бала қарапайым мектеп бағдарламалары бойынша білім алып, қосымша күтімге ие болып, қосымша арнайы бағдарламалар бойынша оқиды (мысалы, үй тапсырмасын орындаудағы көмек);
  3. Негізгі мектеп уақытында бала арнайы сыныпта арнайы бағдарлама бойынша білім алады (әдетте, бұл психикалық даму бөгелісі бар балалар). Басқа уақытта ол қарапайым бағдарлама бойынша өзімен құрдас оқушылармен бірге оқиды.
  4. Бала тек қана арнайы сыныпқа барып, онда арнайы бағдарлама бойынша оқиды (әдетте, бұл ақыл-ойында кемтарлығы бар балалар). Бірақ ол мектеп өміріне тікелей қатысады.

Италия

Бүгінгі күні қажеттіліктері айрықша балалардың99% жалпы білім беретін мектептерде оқиды. Қарапайым сыныпта мұғалімнен арнайы көмек алу үшін бала дамуында ауытқушылығы бар деп тіркелген болу керек. Тіркеу тек ата-ананың рұқсатымен және бір жылға ғана жүргізіледі, мерзімі өткен соң арнайы көмекті ұзарту немесе тоқтату туралы шешім қабылданады.

Алайда мемлекеттік арнайы мектептер санын қысқартқан сайын жеке меншік арнайы мектептердегі дамуында ауытқушылығы бар балалар саны артуы байқалады. Білім берудегі ықпалдастықтың дамуы елдегі түрлі аймақтар бойынша үлкен айырмашылықтарға ие, өйткені бұл үрдістің мемлекеттік деңгейдегі үйлестірілуі минималды деңгейді көрсетсе, біріктіру үрдісініңөзі аймақтардыңқажеттіліктерін, қажетті мамандардың барын анықтау сияқты тиісті зерттеулерді жүргізусіз басталып кетті. Ақыл-ой кемтарлығы терең балаларды жалпы білім беру үрдісіне кірістірумен үлкен қиындықтар орын алуда. Ықпалдастық мәселесі орта мектептің жоғары сыныптарында анық байқалады – ата-аналардың бір бөлігі қарапайым сыныпта ауытқушылығы бар оқушылардың болуына қарсы, мұғалімдердің арнайы дайындығы жоқ.

Италиядағы ықпалдастықты бұл мәселенің кең мағынасында шешілген деп есептеуге болады. Алайда бұл мәселе бойынша жүйелі орталықтандырылған мәліметтерді өңдеу болмағандықтан, білім берудегі бұл ықпалдастықүрдісінің нәтижелері жайлы деректер аз.

Литва

Ақыл-ойы бүтін мүмкіндігі шектеулі балалар бұқаралық мектептердің жалпы білім беретін сыныптарында оқи алады. 1-4 сынып оқушылары сонымен қатар жеке бастауыш мектепте білім алады. 4-сыныптан кейін барлық оқушылар келесі сатыдағы мектепке көшіп, оның түрін өздері таңдай алады – не гимназия, не жүйелі мектеп.

Ақыл-ой кемтарлығы бар балалар жалпы білім беретін мектепте әрі қарай да оқи алады, бірақ арнайы сыныпта ғана. Сыныптардың екі түрі бар: жеңіл ақыл-ой кемтарлығы бар балалар үшін – «арнайы сынып» (көмекші мектеп бағдарламалары), қалыпты және күрделі ақыл-ой кемтарлығы бар балалар үшін – «дамыту сыныбы» (жеке бас бағдарламалары, және олардың көбі отбасыныңәлеуметтік қолдауына бағытталған).

Мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналары көп жағдайда баласының оқу бағдарламасын толық деңгейде немесе басқа балалар сияқты жылдамдықмен игере алмайтындығына көздері жетіп, оларды 4-сыныптан кейін өз еркімен арнайы (түзету) мектепке ауыстырады.

Елде дискриминация және балалардың бірдей құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері шындап шешілуде – мектеп және сынып түрін көрсететін шифрмен ғана ерекшеленетін жалпы және орта мектепті бітіру жайлы құжаттың бірыңғай формасы, түрлі мазмұндағы оқулықтардың бірдей дизайны және т.б.

Литва оқушыларды жан басына қаржыландыруға көшті –мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алудағы «себеті» қарапайым оқушыдан2-3 есе салмақты. Бұл психофизикалық ауытқушылығы бар балалардың білім беру қызметтерінен басқа түзетулік қолдау мен қосымша оқу құралдары, соның ішінде техникалыққұралдарды да қажет ететіндігімен түсіндіріледі.

Хорватия

Хорватия Республикасының заңнамасы 20 жылдан бері дамуында ауытқушылығы бар балалардыңқарапайым мектептерде оқытуға бірігу үрдісін дамытуға септігін тигізіп келеді, ең алдымен, бұл – 1991 жылғы Білім беру туралы заң мен 1992 жылғы Орта білім беру туралы заң. Білім берудегі ықпалдастық одан да кеңәлеуметтік ықпалдастықтың бөлігі ретінде қарастырылады.

Хорватиядағы ықпалдастықтыңөзіндік ерекшелігі мүмкіндігі шектеулі тұлғаның арнайы қажеттіліктерін қамтамасыз ету жауапкершілігі барлыққоғамға, соның ішінде әрбір индивид өз мүмкіндіктерін іске асырып, өзінің толық дамуын ала алатын орта болып есептелетін жергілікті қоғамның мойнына жүктеле алатындығында.

Дамуында ауытқушылығы бар балалар балабақшаға түсуде басымдыққа ие, олар бұқаралық балабақшада не қарапайым бағдарлама бойынша, не қосымша оңалту бағдарламасы бар бейімделген болмаса арнайы бағдарлама бойынша білім алады. Мемлекет қосымша білім беру бағдарламасын өтейді.

Хорватияда бастауыш білім (1-8 сыныптар) бала мүмкіндіктеріне қарамастан міндетті әрі тегін.Білім алудағы қажеттіліктері айрықша балалар білім алуға және ондағы көмекке конституциялық тұрғыда құқылы.

Білім алушының дамуындағы ауытқушылықтың күрделілігіне байланысты бұқаралық мектеп білім берудегі ықпалдастықтың түрлі үлгілерін ұсынады: толық және жартылай. Басымдылық толықүлгілі ықпалдастыққа беріледі – ауытқушылығы бар оқушылар қарапайым сыныпта оқиды. Онда осындай үш оқушының кірістірілуіне жол беріледі және мұндайда сыныптағы оқушылар саны 25-тен аспауы керек. Аталмыш ықпалдастықүлгісінде дамуында ауытқушылығы бар оқушылар жалпы немесе бейімделген бағдарлама бойынша оқытылады.

Алғашқы төрт сыныпта дамуында ауытқушылығы бар оқушылар қайта оқуға қала алмайды да, бір сыныптан келісісіне көшеді, онда олар жекелей оқу бағдарламалары (олар қарапайым бағдарлама бойынша оқи алмаса) бойынша білім алуын жалғастырады. Бесіншіден бастап, сегізінші сыныпқа дейін арнайы білім беру мамандары (дефектологтар) және балаларды оқытатын мұғалімдер бала бұқаралық мектептің жекелей оқу бағдарламасын игермеді деп есептесе, мұндай оқушылар қайта оқытуға қала алады.

Сегізінші сыныпты бітіргенде бір қанағатанарлық емес бағаға ие бола тұра, оқушы осы сыныпта қайта қалып немесе үшінші деңгейге өте алады. Егер бала бұқаралық бағдарламаны игермесе, онда оған ықпалдастықтың жартылай үлгісін ұсына алады, онда негізгі пәндер бойынша оқыту бейімделген бағдарламалар бойынша арнайы сыныпта, ал сурет, музыка, дене шынықтыру сияқты жалпы пәндер қарапайым сыныпта өткізіледі.

Айқын білінетін ауытқушылығы бар оқушылар үшін де толық және жартылай ықпалдастық түрлері ұсынылады.

Тағы бір үлгі бойынша барлық оқу үрдісі бұқаралық мектепте 5-10 оқушыдан тұратын арнайы топтарда (сыныптар) ұйымдасқан ұзартылған мектеп сағаттарымен өткізілетінді. Ақыл-ойы кемтарлығы бар оқушылар, аутизмге шалдыққан, қиын ауытқушылыққа ие балалар мектепте 21 жасқа дейін оқи алады. Бұл балаларға қатысты қатаң оқу жоспарлары, тұрақтанған оқу бағдарламасы бар сыныптар болмайды. Олар үшін бейімделген бағдарламалар әзірленеді. Жоғарыда аталған ықпалдастықүлгілерінің барлығы дамуында ауытқушылығы бар оқушыларға мүмкіндік болған сәтте бір оқыту үлгісінен екіншісіне еркін көшу мүмкіндігін ұсынады.

Заңға сәйкес үйі мен мектебінің арақашықтығына қарамастан дамуында ауытқушылығы бар оқушылардың барлығына көліктік тасымалдау қамтамасыз етіледі, білім алушының жағдайына байланысты қосымша қызметкерлер мен көмек бөлініп, әрбір мектепте логопед, психолог, дефектолог болуы керек. Мүмкіндігі шектеулі оқушылармен жұмыс істейтін мұғалімдер жалақысына үстеме алады.

Хорватияда балалар стационарда және үйде оқуға құқылы. Үйдегі оқытуға оқу жоспарының 50% бөлініп, төленеді. Ауруханада сыныптар құрылады.

Хорватияда орта білім міндетті емес, бұл оқудағы қажеттіліктері айрықша оқушыларға да қатысты. Конституцияға сәйкес (1990) орта білім, жоғары білім сияқты, барлық білім алушыларға олардыңқабілеттеріне сай тең дәрежеде қол жетімді. Заңда қажеттіліктері айрықша оқушылардың орта мектепке тура түсу мүмкіндігі бары көрсетілген (яғни түсу емтихандарын тапсырмастан, тек ата-анасыныңөтінішімен).

Орта мектепте де жалпы, бейімделген және арнайы бағдарламалар (ақыл-ой кемтарлығы бар балалар үшін жекелей бағдарлама) жүзеге асады. Орта мектеп тегін болып есептеледі. Оқу мерзімі 3 немесе 4 жыл.

Заңға сәйкес мұндай мектептердің мұғалімдеріне қосымша төлем жүргізіледі. Әдетте, әрбір бұқаралық мектептің жалпы білім беру үрдісіне түрлі қажеттіліктері бар балаларды кірістіруде басымдылықтары бар.

Дамуында біршама күрделі ауытқушылықтары бар оқушылар арнайы мекемелерде білім алады. Мұндай ұйымдар тізімін, бағдарламалар, шарттар, құралдар мен арнайы мекемеге алыну ережелерін Білім министрлігі әзірлейді. Мұндай арнайы мекемелер қазіргі уақытта Орталықтар деп аталады.

Егер балаға жалпы мектепте оқу қиындық тудырса, оның Орталыққа қайтып келіп, өз оқуын арнайы жағдайларда жалғастыру мүмкіндігі бар.

Хорватияның жалпы білім беретін мектептерінде қажеттіліктері айрықша оқушылар 4 және 8-сыныпта тапсыратын ұлттық емтихандар ұйымдастырушылық ерекшеліктерге ие. Әсіресе қалпына келу үрдісі әлі де қарқынды жүріп жатқан 4-сынып оқушыларының емтихандарын бейімдеу түрі мұқият анықталады. Қажеттіліктері айрықша оқушылардың білім алу түрлері мен бағдарламаларының кең шоғыры оларды бағалаудың да түрлілігін талап етеді, яғни Хорватияда біртіндеп енгізіліп жүрген ұлттық емтихандардың алуан түрлері мен санаттары соның дәлелі.

Мүмкіндігі шектеулі мектеп түлектері жооға түсуде басымдыққа ие. Олар өту балынан төмен көрсеткіш жинаса да, факультетке қабылдана алады. Мемлекет мұндай студенттің оқуын төлейді. Мүгедектер қабылданбайтын факультеттер де болады.

Осылайша, Хорватияда дамып жатқан ықпалдастықүрдістері салмақты заңнамалық негізге ие және әлі де бірқатар кемшіліктері болса да, жанұялар мен балаларға мейлінше ыңғайлы білім алу формасын таңдау мүмкіндігін ұсынады.

Біріктірілген балаларға серік болуда, кадрларды даярлау мен оқу-әдістемелік қамсыздандыруда ендігі ресурстық орталықтар статусына ие бұрынғы арнайы білім беру ұйымдары көп жұмыс атқарады. Бұл қызықты тәжірибе біздің республикада да пайдаланыла алады, мұнда жалпы білім беру үрдісіне стихиялы түрде кірістірілген балалардың психологиялық-педагогикалыққолдау көру мәселесі өткір сипатқа ие.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: Kis-Glavs L., Ljubic M. Educational integration /inclusion in Croatia. - 2002



Серіктестер